1974 жылы Целиноград қаласында екі көмекші мектеп болған, қаланың батыс бөлігінде «№2 көмекші мектеп-интернат» және «Пригородный» кентінде «№1 көмекші мектеп-интернаты».
1994 жылы мектептер біріктіріліп, қала орталығына № 7 орта мектебінің босаған ғимаратына ауыстырылды. 2002 жылы көмекші мектеп коррекциялық мектеп болып өзгертілді. 2018 жылы екінші арнайы мектептің ашылуына байланысты "мектеп-интернат" мәртебесі "мектеп" мәртебесіне өзгертілді. Ғимаратқа күрделі жөндеу 2005 және 2018 жылдары жүргізілді.
Негізгі функциялар:
Ақыл-есі бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу (жеңіл және орташа ақыл-ой дамуы тежелген). Осы санаттағы балаларды кәсіптік және еңбек арқылы даярлау және әлеуметтік бейімдеу, одан кейінгі қоғамға ауыртпалықсыз қосылуы.
Арнайы мектептерде, арнайы сыныптарда оқу-тәрбие үдерісі келесі нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген «Тиісті типтегі білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелерін бекіту туралы»;
-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 14 ақпандағы 2017 жылғы № 66 бұйрығымен бекітілген «Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелерін бекіту туралы»;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 8 қарашадағы 2012 жылғы № 500 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы»;
- Арнайы білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған типтік оқу жоспарлары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352, 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 469 бұйрықтары).
Copyright © 2024 | Астана қаласы әкімдігінің «№2 Арнай мектеп» КММ