Басты »
Жаңалықтар » «Қазақстаным – Отаным, Тәуелсіздігім – байлығым» атты пәндер онкүндігі
«Қазақстаным – Отаным, Тәуелсіздігім – байлығым» атты пәндер онкүндігі
Пәндер онкүндігі басталды
Мектепте пән мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі басталды. Биыл «Қазақстаным – Отаным! Тәуелсіздігім – байлығым!» атты пәндер онкүндігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналды.
4-желтоқсанда салтанатты түрде онкүндіктің мерекелік ашылуы өтті. Бұл іс-шараға қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын 5–10 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара негізін тәуелсіз Қазақстанның ең маңызды оқиғалар мен айтулы күндер шежіресі құрды. Бұл тарихи даталарға арнап балалар өз тақпақтарын айтты. Мерекелік іс-шара қонақтары – Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрінің қобызшылары Рахимжанова Құралай мен Кунтаева Ғалия «Балбырауын» және «Адай» музыкалық шығармаларын оқушылар назарына ұсынды. Соңында өз шәкірттері үшін педагогтар «Атамекен» патриоттық әнін орындап берді.
Пән мұғалімдері мектеп оқушыларын тақырыптық баннердегі QR-код арқылы қолжетімді «Қазақстан: тәуелсіздік шежіресі» атты виртуалды оқу-танымдық экскурсияға шақырады.
Санатқа оралу