Басты » Бос орын 12.11.2024
Бос орын 12.11.2024
Астана қаласы әкімдігінің «№2 арнайы мектеп» КММ, Ә.Жангельдин 9 мекен-жайындағы мемлекеттік білім беру ұйымына педагог лауазымы бойынша жұмысқа орналасуға конкурс жариялайды.
Зиятында бұзылыстары бар білім алушыларға арналған мектептерде білім беру қызметін «Арнайы педагогика» мамандығы және «Олигофренопедагогика» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары педагогикалық білімі бар мұғалімдер жүзеге асырады.
Уақытша бос лауазымдар (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне):
- Арнайы педагог (мұғалім-дефектолог орыс тілінде оқыту) 24 сағаттан 14 мұғалім (жалақы шамамен 200 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейін).
- Логопед мұғалімі (мемлекеттік және орыс тілінде оқыту) – 0,75 жүктеме және 6 сағат (жалақысы шамамен 100 000 теңгеден 130 000 теңгеге дейін).
- Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – 0,5 жүктеме (жалақысы шамамен 100 000 теңгеден 130 000 теңгеге дейін).
- Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 0,5 жүктеме (жалақысы шамамен 100 000 теңгеден 130 000 теңгеге дейін).
- Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары – 0,5 жүктеме (жалақысы шамамен 100 000 теңгеден 130 000 теңгеге дейін).
- Әлеуметтік педагог – 0,5 жүктеме (жалақысы шамамен 60 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін).
Тұрақты негізге:
- Дене шынықтыру мұғалімі (мемлекеттік және орыс тілінде оқыту) – 9 сағат (жалақысы шамамен 70 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін).
- Ұл балаларға арналған технология пәнінің мұғалімі (орыс тілінде оқыту) – 6 сағат (жалақысы шамамен 50 000 теңгеден 100 000 теңгеге дейін).
- Қыз балаларға арналған технология пәнінің мұғалімі (мемлекеттік және орыс тілінде оқыту) –24 сағат (жалақысы шамамен 100 000 теңгеден 200 000 теңгеге дейін).
- Тифлопедагог (мемлекеттік және орыс тілінде оқыту) – 0,5 ставка (жалақысы шамамен 125 000 теңгеден 127 000 теңгеге дейін).
- Сурдопедагог (мемлекеттік және орыс тілінде оқыту) – 0,5 ставка (жалақысы шамамен 125 000 теңгеден 127 000 теңгеге дейін).
- Тәрбиеші (оқыту орыс тілінде) 0,75 жүктеме (жалақысы шамамен 110000 теңгеден 120000 теңгеге дейін)
- Қосымша білім беру педагогі (мемлекеттік және орыс тілінде оқыту) 0,75 жүктеме (жалақысы шамамен 110000 теңгеден 120000 теңгеге дейін)
Лауазымдық міндеттері:
- оқушылар контингентінің ерекшелігі мен оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
- білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес оларды толық көлемде іске асыруға жауапты болады.
Біліктілік талаптары:
«Арнайы педагогика» бағыты бойынша жоғары педагогикалық білім
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 жұмыс күні (13.11.2024 – 21.11.2024 жж.)
Кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарастыру: 5 жұмыс күні (22.11.2024 – 28.11.2024 жж.)
Конкурсты өткізу күні мен уақыты: 29.11.2024 ж. сағат 10.00
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1200007495):
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
- білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
- тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480;
- үміткер болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік басылымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Мекен-жайы: Әліби Жангельдин к-сі, 9, индекс 010000
Қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 42-46-73
E-mail: skshi-astana@bk.ru