Басты » Бос орын 09.09.2024
Бос орын 09.09.2024
Астана қаласы әкімдігінің «№2 арнайы мектеп» КММ, Ә.Жангельдин 9 мекен-жайындағы мемлекеттік білім беру ұйымына педагог лауазымы бойынша жұмысқа орналасуға конкурс жариялайды.
Зиятында бұзылыстары бар білім алушыларға арналған мектептерде білім беру қызметін «Арнайы педагогика» мамандығы және «Олигофренопедагогика» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары педагогикалық білімі бар мұғалімдер жүзеге асырады.
Тұрақты негізге:
1.Тәрбиеші (оқыту орыс тілінде ) 1.5 жүктемеге 1 тәрбиеші ( жалақысы шамамен 160000 теңгеден 170000 теңгеге дейін)
Лауазымдық міндеттері:
- оқушылар контингентінің ерекшелігі мен оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
- білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес оларды толық көлемде іске асыруға жауапты болады.
Біліктілік талаптары:
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 жұмыс күні (10.09.2024 –18.09.2024 жж.)
Кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарастыру: 3 жұмыс күні (19.09.2024– 23.09.2024 жж.)
Конкурсты өткізу күні мен уақыты: 24.09.2024 ж. сағат 09.00
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1200007495):
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- ж ке басын куәландыратын құжат;
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
- білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
- тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480;
- үміткер болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік басылымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Мекен-жайы: Әліби Жангельдин к-сі, 9, индекс 010000
Қабылдау бөлмесі: 8 (7172) 42-46-73
E-mail: skshi-astana@bk.ru